Жаңалықтар

Жыңғылды ауылының төл перзенті,ауыл,аудан,облыс көлемінде танымалдылығы ерен ,Есір мектебінің мақтанышы ,атақты математик,ұлағатты ұстаз — Қуантқан Ванов Рзаұлын биылғы Ұстаздар мерекесінде алып жатырған «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапатымен құттықтаймыз!

Еліңіз үшін сіңірген еңбектің наны тәтті,дәрежесі жоғары десек,Сіз сол атаққа өте лайықты Ұстазсыз!

Аман жүріңіз!

#Қарттар_күні

Мектебімізде 29 қыркүйек күні  қарттар күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Сейдалиева Айгүл жетекшілік ететін  2 “А”-сыныбында өткен 

сынып сағатының  тақырыбы: “Қарттарым — асыл қазынам”.

Мақсаты -оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру ,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Сабақ барысында 

1 қазан қарттар күніне орай 

ата мен әжеге арналған өлең шумақтары мен ән айтылды, 

“Әжемнің сандығы” тапсырмалары орындалды. 

Сабақ соңында оқушылар өз атасы мен әжесі туралы әңгімеледі. 

Сондай-ақ, 4 “Б”-сыныбында «Қария – елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі» атты сынып сағатында «Сөйлемді жалғастыр» ойыны ойнатылып, топта «Қария – қазына» постер қорғалды. 

10”Ә” сыныбында  да “Қарттың сөзі- ақылдың көзі” тақырыбымен сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға қарттар күнінің мәнін түсіндіру, үлкенді сыйлау, құрметтеу дәстүрін қалыптастыру. Сабақ оқушыларға ой салатын сұрақтармен басталды: “Қарттарды қадірлеу қоғам ншін неліктен маңызды?

#Ұлттық_ойын_ұлт_қазынасы Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің “Е.Айшуақұлы атындағы ЖББМ” КММ-де үзіліс арасында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында білім алушылармен ұлттық ойындар ойналады. Бүгінгі ләңгі тебу ойынын ұйымдастырущы педагог дене тәрбиесі пәні мұғалімі Түйешиев Ислам ұйымдастырды

18 қыркүйек күні Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың /нашақорлық, буллинг, кибербуллинг, топтасып төбелесу, интернет алаяқтығы, суицид, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың/ алдын  8-11 сынып ата-аналары мен оқушыларының арасында профилактикалық жиналыс өткізілді.  

              Жиналысқа Маңғыстау аудандық ІІБ қызметкерлері Ғ.Айжанова, М.Құлыбеков, Омаров және аудандық оқу-әдістемелік орталық әдіскері М.Қосуақова қатысты. 

             Жиналыс барысында жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау туралы мәселелер қозғалды, бейнероликтер көрсетілді, ата-аналар мен оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Е.Айшуақұлы атындағы ЖББМ-де “Ақпараттық қауіпсіздік” тақырыбымен сынып сағаттары өтті.

Жаңалықтар